Темірлан Шадукаев Азия чемпионы атанды

Темірлан Шадукаев Азия чемпионы атанды

Үндістанның Нью-Дели қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Біріншіліктің алғашқы күні бозкілем шеберлері 4 жүлдеге қол жеткізді. 77 кг салмақта бақ сынаған Темірлан Шадукаев қырсылас шақ келтірмей чемпион атанса, Хорлан Жақанша (55 кг), Азамат Күстібаев (87 кг) және Мансұр Шадукаев (130 кг) қола жүлдеге  ие болды.

Айта кетейік, күрес түрлерінен Азия біріншілігі 23 ақпанға дейін жалғасады.