
28 ақпанда, сағат 19:00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы «QAZAQSTAN» орталық концерт залында «Қазақ радиоларының» «Мың алғыс» қайырымдылық концерті өтеді. ⠀
Кеш қонақтары: Майра Мұхамедқызы, Әлішер Каримов, Қарақат Әбілдина, Алтынай Жорабаева, Құрмаш Махан, Мирас пен Құралай, «ART MUSIK» квартеті, Өмірқұл Айниязов, ҚР Ұлттық Ұлан сарбаздары. ⠀
Қайырымдылық концертте мидың қатерлі ісігіне шалдыққан Самат Ақбергеновке көмек көрсетіледі.
Билетті tiketon.kz сайтынан сатып алуға болады.