Рахат Бекболат әлем рекордын жаңартып, Азия чемпионы атанды

Рахат Бекболат әлем рекордын жаңартып, Азия чемпионы атанды

Бүгін ауыр атлетикадан Ташкентте өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасына кезекті алтын жүлдені алып келді. 102 килограмға дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Рахат Бекболат қоссайыс нәтижесінде 356 келіні (158+198) еңсеріп, чемпион атанды.

Сонымен қатар, Рахат серпе көтеруде 198 килограмм көрсеткішімен жастар арасындағы әлем рекордын жаңартты.

Ал екінші орынды 342 келіні (154+188) бағындырған Иран өкілі Аболфази Хакнур иеленсе, үшінші орынды өзбек Әзимджон Ходжиев (333 кг, 152+181) алды.

Айта кетейік, қазір біздің құраманың еншісінде 9 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлде бар.