Артём Антропов ауыр атлетикадан жастар арасында Азия чемпионы атанды

Артём Антропов ауыр атлетикадан жастар арасында Азия чемпионы атанды

Бүгін ауыр атлетикадан Ташкентте өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында Артём Антропов Қазақстан құрамасына кезекті алтын жүлдені алып келді.

96 килограмға дейінгі салмақта өнер көрсеткен Артём қоссайыс нәтижесінде 365 килограмды (155+210) көтеріп, жеңімпаз атанды.

Ал екінші орынды 356 кг-ды (160+186) бағындырған ирандық Тахери Хадживанд Афшин алса, үштікті сириялық Альгхафер Эзедин (333 кг, 148+185) түйіндеді.