Нұрғиса Әділетұлы алтын медаль жеңіп алды

Нұрғиса Әділетұлы алтын медаль жеңіп алды

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 89 кг. дейінгі салмақ дәрежесінде 360 кг. (165+195) қоссайыс нәтижесі бойынша Нұрғиса Әділетұлы алтын медаль жеңіп алды.

Екінші орын Корея республикасының өкілі Енг Хун 324 кг (142+182) бұйырды.

Үшінші орынды Өзбекстан өкілі Хакимжон Шамшитдинов 323 кг (144+179) иеленді.