Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында спортшыларымыз тағы 3 жүлде жеңіп алды

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында спортшыларымыз тағы 3 жүлде жеңіп алды

Бүгін ауыр атлетикадан Ташкентте өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақ спортшылары тағы 3 жүлдеге қол жеткізді.  

81 килограмға дейінгі салмақта сынға түскен Карина Құзғанбаева қоссайыс қорытындысы бойынша 227 кг-ды (101+126) бағындырып, алтын алды. Каринаның жеңісті жолын +81 кг-да бақ сынаған Айсамал Сансызбаева жалғап, Азия чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 109, серпе көтеруде 140, жалпы 249 килограмды еркін еңсерді.

Ал ерлер арасында 81 килограмға дейінгі салмақта Сәпи Есенкелді жалпы 311 келіні ырқыны көндіріп, қола жүлдегер атанды.  

Айта кетейік, жастар арасындағы құрлық біріншілігі 19 ақпанға дейін жалғасады.