Үндістанда Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті

Үндістанда Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті

17 ақпанда Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің қолдауымен Нью-Делидегі Джавахарлал Неру атындағы университетте шығыстың көрнекті ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қатысқан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің делегациясы қатысушыларды ғалымның өмірі және еңбектерімен таныстырды.

Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Ерлан Әлімбаев Әл-Фараби мерейтойы UNESCO-ның атаулы күндер мен оқиғалар күнтізбесіне енгізілгенін және оны Делиде мерекелеу ұлы ғалымның дүниежүзілік мұрасын зерттеуге және зерделеуге қуатты серпін беретінін атап өтті.

Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген жергілікті академиялық орта өкілдері мен Үндістанның ғылыми орталықтары мен институттарының басшылары Әбу Насыр Әл-Фарабидің мұрасының маңыздылығын атап өтіп, осындай оқиғалардың екі елдің мәдениетін жақындастыру үшін маңызды екенін жеткізді.