
17 ақпанда Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) 16-25 сәуір аралығында өтетін ауыр атлетикадан Азия чемпионатын Нұр-Сұлтаннан Ташкент қаласына ауыстырғанын мәлімдеді.
«Коронавирустың өршуіне байланысты Қазақстан Республикасының үкіметі Қытаймен және көршілес елдермен арадағы жолаушылар қозғалысының барлық түрін шектеді. Азия ауыр атлетика федерациясының (AWF) атқарушы кеңесі бұл жағдайды талқылай келе, құрлық біріншілігін Қазақстаннан Өзбекстанға ауыстыруға келісті», - делінген IWF сайтындағы ресми мәлімдемеде.