
16-18 мамыр аралығында Қызылорда қаласында Қызылорда облысы әкімдігі мен «Таңдау» өндірістік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстанның мәдениеті мен өнеріне айрықша үлес қосқан әнші-композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновтің шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында III Республикалық «Отан Ана» байқауы өтеді.
Байқау кезеңдері:
Конкурс үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар байқауға қатысуға өтінішпен бірге Батырхан Шүкеновтің репертуарындағы бір әнді орындап, оны бейнежазбаға түсіріп, ұйымдастырушыларға жіберуі керек. Іріктеуден өткен үміткер байқауға қатыстырылады. Екінші кезеңде жарысқа қатысушылар дуэт болып ән шырқайды. Жеңгендер финалға өтеді. Финалда Батырхан Шүкеновтің репертуарындағы әндер орындалады. Орындаушыны аспаптық ансамбль сүйемелдейді. Байқаудың лауреаттары гала-концертке қатысады.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
Байқауға 18-30 жас аралығындағы орындаушылар қатысады. Қатысушылардың орындау шеберлігі, сахна мәдениетін сақтауы, өзін ұстауы мен бейнесіне (образ) ерекше көңіл бөлінеді.
Қандай құжаттар тапсыру керек?
– конкурсқа қатысуға өтініш;
– бейнежазба (Б. Шүкеновтің репертуарындағы әнді жанды дауыста орындау, жазба сапасы жақсы, әрі көлемі 2 минуттан кем емес болғаны жөн);
– қатысушының шығармашылық сипаттамасы;
– кәсіби фотосурет 3 дана. (электронды түрде);
– жеке куәлік көшірмесі.
-құжаттарды мына электронды поштаға жіберілуі керек: otan_ana_2020@mail.ru
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін қабылданады!
Толық ақпарат үшін мына телефон номерлеріне хабарласыңыздар:
Әлібек +7 778 435 73 02, Эльмира +7 701 949 19 33
«Таңдау» продюсерлік орталығы, Алматы қ., Тел.: 8(7273 ) 78-91-04,+7 701 949 19 33, +7 778 435 73 02