
«Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК елімізде «Еріктілер жылының» жариялауына орай «Бірігіп әлемді жақсартайық» қайырымдылық акциясын бастады. Қайырымдылық шарасының мақсаты- Сарайшық ауылындағы Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің шағын орталығы тәрбиеленушілеріне ойын бөлмесін жақсартуға және ғылыми-әдістемелік көмек көрсету, мектептің музей қорықпен өзара байланысын дамыту.
Ол үшін музей-қорық ұжымы қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесін ұйымдастырып, одан түскен қаржыны орталық пайдасына жұмсауды және орталық тәрбиеленушілеріне тәлім-тәрбиелік сағаттарын музей-қорық базасында өткізуді қолға алды.