
28 қазанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Жазира Жылқышиеваның қатысуымен министрліктің және министрлікке бағынысты ұйымдардың комплаенс-қызметінің басшылары мен жауапты қызметкерлеріне арналған (ZOOM) «№4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру, мемлекет жүргізіп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар, комплаенс-қызметі жұмысын жолға қою, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және осы саладағы басқа да мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.
Бұдан басқа, спикер қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында тұрған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне қатысты қаралатын өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.