
13-15 қазан аралығында Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейінде қолөнершілердің халықаралық форумы өтеді. Форумға Еуропа, Орталық Азия елдерінен келген шеберлер және Қазақстанның түпкір-түпкірінен 150-ден астам қолөнерші қатысады.
Халықаралық форум аясында Қазақстандық өнімдер жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, семинарлар, Korpe Fest және BORN NOMAD POWER AWARDS 2022 байқауының қорытындысы шығарылады.
Іс-шара дәстүрлі қолөнерді сақтау және оны одан әрі дамыту, мұраны жандандыру және танымал ету, сондай-ақ дәстүрлі қолөнердің заманауи интерпретацияларын және халықтық қолданбалы өнер мен басқа да креативті индустрияның колоборациясын құруға бағытталған өңірлік бастамаларды біріктіру мақсатында өткізіледі.
Толығырақ сілтемеде