Үлкен Алматы көлі БАӘ туристері үшін ТОП-5 бағыттың қатарында

Үлкен Алматы көлі БАӘ туристері үшін ТОП-5 бағыттың қатарында

Біріккен араб Әмірлігінің Gulf News күнделікті газеті әлемдегі ТОП-20 туристік бағдарды анықтады.

Бұл рейтингте үлкен Алматы көлі үздік бестікке енген. Сондай-ақ, осы қатарда Исландия, Австрия, Түркия, Әзірбайжан, Грузия, Армения, Үндістан мен Пәкістанның көрікті жерлері бар.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы БАӘ-нен елімізге келетін туристер саны 54%-ға артып, 8 100-ге жеткен.

Біздің анықтама:

Gulf News күнделікті газеті 1978 жылдан бері Дубайда ағылшын тілінде шығады. Қазір барлық ел аумағы мен Парсы шығанағының бірнеше мемлекетіне тарайды. Басылымның сайты 1996 жылы ашылған. Газеттің күнделікті 15 миллионнан астам оқырманы бар. Оның 61% - БАӘ, 8% - АҚШ, 6% - Үндістан, қалған бөлігі Канада мен Австралияда.