
12 ақпанда «Мәдениет және спорт министрлігі – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері Қазақ ұлттық өнер университетінде жиналыс өткізді. Университет тарапынан жиынға оқу мәселелері бойынша проректор Алмагүл Сметова, тәрбие жұмысы бойынша проректор Қымбат Тілеуова, оқу бөлімінің жетекшісі Альмира Сейіт-Әкімова, университет заңгері Марат Алтаев және ҚазҰӨУ Жастар істері бойынша комитеттің өкілдері қатысты.
Басқосу барысында жобалық кеңсенің жетекшісі Марат Болысбекұлы Қамзолдаев қатысушыларды жобалық кеңсенің қызметімен, оның мақсаты мен міндеттерімен таныстырып, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қысқа баяндама жасады.
Жобалық кеңсемен ҚазҰӨУ Академиялық адалдық лигасына кіру үшін дайындық жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы мәселе талқыға шығарылды. Бұл мақсатқа жету үшін «Мәдениет және спорт министрлігі – Адалдық алаңы» жобасының шеңберінде алғашқы сатысы – белгілі құрылымға сәйкес университетпен өзін бағалау бойынша есеп құрастыру екенін, университеттің жемқорлыққа қарсы аудитін өткізуді тараптар бірауыздан қолдады.
ҚазҰӨУ проректорлары және Жастар істері бойынша комитетінің өкілдері жобалық кеңсеге оқушылар қатарынан шығармашыл жастарды тарта отырып жемқорлыққа қарсы тақырыптарға қысқа театралдық қойылымдар қою, бейнероликтерді түсіру және өзге де көпшілік шаралар өткізу жағынан әрекеттестік туралы ұсыныс жасады.