«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мүшелері министрлік ғимаратында жиын өткізді

«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мүшелері министрлік ғимаратында жиын өткізді

11 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің орталық аппараты қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Парасаттылық департаментінің директоры Данияр Сабырбаевпен кездесті.

Кездесуде Министрліктің Жауапты хатшысы Бақытжан Темірболат кіріспе сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік танытатын парасатты, әділ және адал қоғамды қалыптастыруда осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Парасаттылық департаментінің директоры Данияр Сабырбаев Министрліктің қызметкерлерімен агенттіктің өзі басқаратын құрылымдық бөлімшесінің қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңнамадағы жаңалықтар туралы ақпаратпен бөлісті.

Сонымен қатар, ол қатысушыларды «тиімді превенция», «ауқымды ағарту», «сындарлы әріптестік» және «қылмыстық құқықтық шаралар» сияқты элементтерді қамтитын сыбайлас жемқорлықты жою формуласымен таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жазалаудан емес, адамда игі ойларды қалыптастырудан және оның адамгершілігін тәрбиелеуден басталатыны және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламалары үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі туралы айтты.

Сондай-ақ, кездесу барысында «Мәдениет және спорт министрлігі-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Марат Болысбекұлы Камзолдаевтың Жобалық кеңсенің Министрлік жүйесіндегі тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы рөлі және оның алдына қойылған мақсаттарға жету үшін Жобалық кеңсе қабылдайтын шаралары туралы хабарламалары тыңдалды. Баяндаманың соңында ұжымға жобалық кеңсенің мүшелері таныстырылды.