
ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Сауд Арабиясының ислам, насихат және тәлім беру істері жөніндегі министрі Абделатиф бен Абдулазиз Абдрахман Әл аш-Шейхпен кездесті.
"Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің арқасында екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, кездесуге мүмкіндік туып отыр. Екі ел және министрліктеріміз бірлескен жобалар мен бастамаларды іске асыру бағытында зор әлеуетке ие", - деді Дәурен Абаев.
Өз кезегінде Сауд Арабиясының ислам, настхат және тәлім беру істері жөніндегі министрі әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, аталған алаңның жаһандық диалогты нығайтудағы тиімділігін атап өтті.