
17 қыркүйекте, сағат 19:00-де Нұр-Сұлтан қаласында ФИДЕ әйелдер арасындағы гран-при жарысының бірінші кезеңінің ашылуы өтеді. Турнирге әлемнің ең үздік 12 шахматшысы қатысады. Еліміздің намысын Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік қорғайды.
Жарыстың ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович, қоғам мен БАҚ өкілдері қатысады.
Онлайн көрсетілім chess.com сайтында, сондай-ақ шахмат федерациясының ресми YouTube- арнасында көрсетіледі. Турнирдің жалпы бюджеті 200 миллион теңге.
Жүлде қоры 80 000 (сексен мың) еуроны құрайды.
1 орын-15 000 евро, 160 балл
2 орын-12 000 евро, 130 балл
3 орын-10 000 евро, 110 балл
4 орын - 8 000 евро, 90 балл
5 орын - 6 750 евро, 80 балл
6 орын - 5 750 евро, 70 балл
7 орын-5 000 евро, 60 балл
8 орын-4 500 евро, 50 балл
9 орын -4 000 евро, 40 балл
10 орын-3 500 евро, 30 балл
11 орын-3 000 евро, 20 балл
12 орын-2 500 евро, 10 балл
Барлығы: 80 000 евро, 850 балл
Өтетін орны: АХҚО ғимараты, ЭКСПО аумағы.
Өтетін уақыты: 17 қыркүйек, сағат 19:00. Матчтар күн сайын Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 15:00-де басталады.
Турнир 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Қосымша сұрақтар бойынша: +77710300756 телефон номеріне, Айза Жүсіповаға хабарласуға болады.