Қазақстан құрамасының волейболдан Азия чемпионатындағы нәтижелері қандай?

Қазақстан құрамасының волейболдан Азия чемпионатындағы нәтижелері қандай?

Тайландтың Удонтхани қаласында жағажай волейболынан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Оған 13 мемлекеттен 55 команда қатысуда. Сары құрлық додасына Қазақстан құрамасы сапынан 3 ер және 2 әйел жұбы аттанған.

Алғашқы күннің қорытындысы төмендегідей:

Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко жұбы екінші ойында қытайлық волейболшылардан 0:2 есебімен ұтылды. Енді олар шешуші ойында Таиланд құрамасымен кездеседі. Ал Алексей Кулешов пен Артем Петросянц жұбы да таиландтық қарсыластарына 1:2 есебімен жол беріп, топтан шығу мүмкіндігінен айырылды. 

Әйелдер арасындағы бәсекеде Алина Раченко мен Анастасия Уколова Тайпей құрамасына есе жіберіп (0:2), жарысты аяқтады. Бүгін Ирина Цимбалова мен Бақытгүл Самаликова жұбы Гонконг қыздарымен кім мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, жарыс 16 ақпанға дейін жалғасады.