Қазақстан құрамасы шорт-тректен Әлем Кубогының 6-кезеңіне қатысады

Қазақстан құрамасы шорт-тректен Әлем Кубогының 6-кезеңіне қатысады

14-16 ақпан аралығында Нидерландының Дордрехт қаласында шорт-тректен Әлем Кубогының алтыншы кезеңі өтеді.

Бұл бәсекеде Қазақстан сапынан ерлер арасында Абзал Әжіғалиев, Никиша Денис, Мерсаид Жақсыбеков, Нұртілек Қажғали, Әділ Шаяхметов, Еркебұлан Шамуханов қатысады.

Ал әйелдерден Мадина Жанбусинова, Ольга Тихонова, Әлия Әмірғалиева мен Алена Волковицкая бақ сынайды.