Елубай Кенжалиев «Салтанат» ансамблін басқарады

Елубай Кенжалиев «Салтанат» ансамблін басқарады

«Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің директоры қызметіне Елубай Кенжалиев тағайындалды. Мемлекеттік би ансамблінің ұжымына оны Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы Жанат Ахметов таныстырды.

Елубай Кенжалиев 1976 жылы Атырау облысында дүниеге келген. А.Жұбанов атындағы музыка училищесін, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын тәмамдаған. Сондай-ақ «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

1995-1999 жылдары балалар музыка мектебінде оқытушы болып қызмет істеген.
1999-2002 жылдары - Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның «Сазген»  фольклорлық ансамблінің артисі.

2002-2009 жылдары - Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университеттің музыка факультетінің оқытушысы.

2003-2014 жылдары - Ақтөбедегі Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның артисі, көркемдік жетекшісі, директордың орынбасары.
2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтөбедегі  Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның директоры қызметін атқарды.