
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында Алматыдағы ARTиШОК театрына барғаны туралы жазды.
«Өткен демалыс күндері Габриэль Гарсиа Маркестің ұлы туындысы негізінде ARTиШОК театрының ұжымы қойған «100 жылдық жалғыздық» спектаклін тамашаладым. Ерекше әсерге бөлендім.
Қойылым аяқталғаннан кейін театр ұжымы мен театрдың басқарушы директоры Анастасия Тарасоваға мінсіз қызметі мен өнерге деген шынайы көзқарасы, шығармашылық ізденісі үшін алғыс білдірдім.
Дарынды жастар отандық театр тарихында өзінің орнын айқындап алған және қазақстандық креативті ландшафттың дамуына өлшеусіз үлес қосуда.
Мен бұл ретте ынтымақтастықтың келешегі зор болатынына сенемін», - деп жазды Дәурен Абаев.
ARTиШОК - заманауи театр өнерін дамытумен және ілгерілетумен айналысатын Қазақстанның тұңғыш тәуелсіз театр компаниясы және еліміздің жетекші мемлекеттік емес театры.
Театрды 2001 жылы Алматылық кәсіби актерлер мен режиссерлер командасы құрған.