ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің ART-EXPO халықаралық көрмесінің ресми ашылуы өтеді

ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің ART-EXPO халықаралық көрмесінің ресми ашылуы өтеді

8 қыркүйекте, сағат 10: 00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің ART - EXPO халықаралық көрмесінің ресми ашылуы өтеді.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, бірқатар дипломатиялық миссиялардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ мәдениет және өнер қайраткерлері қатысады.

Көрме ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің мәдениет пен өнер саласындағы жетістіктерімен танысуға және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Іс – шара екі жылда бір рет үш күн бойы (8-10 қыркүйек) өткізіледі.

Сондай – ақ 8-9 қыркүйекте Ұлттық музейде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдени ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің ХХХVII отырысы өтеді. Оған 9 елдің (Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Армения, Беларусь, Ресей Федерациясы) өкілдері қатысады. Отырыс барысында тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, ТМД шеңберінде мәдениет саласында қабылданған негізгі жобалар мен іс-шаралар жоспарларының іске асырылу барысын талқылайды.

БАҚ аккредитациясы 2022 жылғы 07 қыркүйек, сағат 17.00-ге дейін жүргізіледі. Ұсынымды mcsgovrk@gmail.com  электронды поштасына немесе +7 747 705 92 57 телефон номеріне хабарласып тіркеуге болады.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон нөміріне қоңырау соғыңыз:
+ 7 701 914 55 88 (Гаухар Омарбек, ҚР МСМ баспасөз хатшысы).