
Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан өтіп жатқан VI Ынтымақтастық біріншілігінде 109 килограмға дейінгі салмақта Ибрагим Берсанов күміс жүлдегер атанды.
Отандасымыз қоссайыс қорытындысында 387 килограмды (181+206) ырқына көндірді. Ал 410 кг-ды (189+221) бағындырған өзбекстандық Акбар Джураев топ жарды. Қола медаль оңтүстік кореялық Кисам Джионгке (361 килограмм, 171+190) бұйырды.