Қазақстан құрамасы жағажайдан Азия чемпионатына қатысады

Қазақстан құрамасы жағажайдан Азия чемпионатына қатысады

13-16 ақпан аралығында Тайландтың Удонтхани қаласында «Вессуван» стадионында жағажай волейболынан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді.

Біріншілікке 13 мемлекеттен 55 команда қатысады. Оның 32-сі ер, 23-і әйел.

Бәсекеге Қазақстан құрамасы сапынан 3 ер және 2 әйел жұбы қатысады.

Ерлер:

Алексей Сидоренко / Александр Дьяченко;

Дмитрий Яковлев / Сергей Богату;

Алексей Кулешов / Артём Петросянц;

Әйелдер:

Ирина Цимбалова / Бақтыгүл Самаликова;

Алина Раченко / Анастасия Уколова.