Қазақ жеңіл атлеттері Istanbul Indoor Cup 2020 бәсекесіне қатысады

Қазақ жеңіл атлеттері Istanbul Indoor Cup 2020 бәсекесіне қатысады

16 ақпанда Түркияның Стамбул қаласында жабық кешендегі Istanbul Indoor Cup 2020 European Athletics Кубогы өтеді.

Байрақты бәсекеде Қазақстан сапынан 6 спортшы бақ сынайды. Олар: Татьяна Нерознак, Давид Ефремов, Надежда Дубовицкая, Екатерина Ефромова, Андрей Соколов және Ольга Сафронова.

Айта кетейік, аталған додада спортшылар 12 дисциплина бойынша жүлдеге таласады.