Қазақстан құрамасы стенд атудан Дохада өтетін турнирге қатысады

Қазақстан құрамасы стенд атудан Дохада өтетін турнирге қатысады

19-29 ақпан аралығында Катар астанасы Дохада стенд атудан халықаралық бәсеке өтеді.

83 мемлекеттің мергені жиналатын турнирде Қазақстан құрамасы сапынан төмендегі спортшылар өнер көрсетеді.

Ерлерден: Андрей Могилевский, Виктор Хасянов, Александр Ещенко, Владислав Мухамедиев, Александр Федоров, Давид Почивалов, Эдуард Ещенко, Александр Мухамедиев;

Әйелдерден: Анастасия Давыдова, Мария Дмитриенко, Зоя Кравченко, Әсем Орынбай, Сәрсенкүл Рысбекова, Ольга Панарина.