Халықаралық дзюдо федерациясының жаңартылған рейтингі жарияланды

Халықаралық дзюдо федерациясының жаңартылған рейтингі жарияланды

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Парижде өткен Grand Slam бәсекесінен кейін әлемдік рейтингті жаңартты.

Париж татамиінде күміс жүлде алған Жансай Смағұлов 700 ұпайға ие болып, жеті сатыға көтерілді.

Енді ол 24-орында. Ал 60 килограммда қола жүлдегер атанған Елдос Сметов 500 ұпай еншілеп, рейтингтегі екінші орнын сақтап қалды.

60 кг - Елдос Сметов - 2 орын (5868 ұпай), Ғұсман Қырғызбаев - 7 (4345);
66 кг - Ерлан Серікжанов - 10 (3805), Елдос Жұмақанов - 18 (2775);
73 кг - Жансай Смағұлов - 24 (2553);
81 кг - Дидар Хамза - 25 (2186), Руслан Мусаев - 45 (1109);
90 кг - Ислам Бозбаев - 19 орын (2673 ұпай);
100 кг - Айбек Серікбаев - 48 орын (1050 ұпай);
+100 кг - Ерасыл Қажыбаев - 37 (1423);