"Бетховен - Мәңгілік - Махаббат" атты балеттің премьерасы Астана Операда өтеді

"Бетховен - Мәңгілік - Махаббат" атты балеттің премьерасы Астана Операда өтеді

Биылғы жылы әлемнің музыкалық кеңістігі ұлы неміс композиторы Людвиг ван Бетховеннің 250 жылдығын атап өтеді. Осынау мерекеге орай 14,15 ақпанда "Астана Опера"театрының Үлкен залында "Бетховен - Мәңгілік - Махаббат" атты балеттің премьерасы болады.

Либретто авторы және қоюшы хореограф-Раймондо Ребек. Оның есімі көрерменге театр сахнасында қойылған бір актілі How long is Now? балеті арқылы таныс.

Раймондо Ребек БАҚ- қа берген бір сұхбатында Бетховен өмірінің серігі айықпас ауру мен шынайы сезім, мөлдір махаббат пен шабыт болғанын айтады.

- Оның өмірі күрделі кезеңдерден тұрды, соған қарамастан өте ауқымды болды: ол 600-ден астам музыкалық шығарма жазды. Оның өмірбаянынан дұрыс сәттерді таңдау, ол арқылы кең жұртшылықтың назарын аудару оңай шаруа емес. Сондықтан да мен оның балалық шағын, білім алған ортасын, композитордың жеке тұлғасын, Венаның зиялы қауымындағы орнын көрсетсем деп шештім, - деді белгілі қоюшы хореограф.

Кештің музыкалық темірқазығы Бетховеннің (хордың қатысуымен "Тоғызыншы симфония" шығармасы да орындалады), сондай-ақ Бах, Гайдн, Моцарттың шығармалары және Дирк Хаубрихтың заманауи композициялары болады.

Қоюшы дирижер-Абзал Мұхитдин, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері

Сценограф және жарық дизайны тұжырымдамасының авторы-Йоко Сеяма

Жарық бойынша суретшінің көмекшісі-Валерио Тибери

Костюм бойынша суретші-Роса Ана Чанза

Костюм бойынша суретшінің ассистенті-Арасель Досмұратова

Проекциялар бойынша суретші-Серджио Металли

Бас хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері

Роял - Долорес Үмбетәлиева Соло

Балет труппасының көркемдік жетекшісі-Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі.