
8-12 ақпан аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан VI Ынтымақтастық біріншілігі өтіп жатыр. Бұл Токио Олимпиадасы қарсаңындағы лицензиялық бәсекенің бірі.

9 ақпанда 61 килограммда сынға түскен Игорь Сон қоссайыс қорытындысы бойынша 286 килограмды бағындырып, алтын алды. Ол жұлқа көтеру бәсекесінде 130, серпе көтеруде 156 келіні еңсерді. Ал күміс мазайзиялық Мұхамад Анзил Бин Бидинге (283 кг) бұйырса, Сейтжан Мирзаев (280 кг) үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, біріншілікте 47 мемлекеттің атлеті бақ сынап жатыр.