
Венгрияның Дебрецен қаласында бокстан дәстүрлі 64-ші «Иштван Боскай» мемориалы өтіп жатыр. Турнир 7-8 ақпан күндері аяқталады. Бүгін ширек финалдық бәсекелер аяқталып, жартылай финалға шыққан былғары қолғап шеберлері белгілі болды.
1/4 кезең нәтижесі:
52 кг дейін: Махмұд Сабырхан - Мартин Молина Сальвадор (Испания) - 5:0;
57 кг дейін: Айдос Арапов - Джанлуко Руссо (Италия) - 5:0;
69 кг дейін: Талғат Шәйкен - Джанлуиджи Маланга (Италия) - 4:1;
81 кг дейін: Нұрбек Оралбай - Расул Алиев (Россия) - 4:1;
91 кг дейін: Айбек Оралбай - Энмануэль Рейес (Испания) - 4:1;
+91 кг: Дамир Тойбай - Александар Мраович (Австрия) - 5:0.
Айта кетейік, іріктеу кезеңінде Санатәлі Төлтаев пен Ермахан Жәкпеков қарсыласқа есе жіберіп алды.