Қазақ спортшылары Испаниядағы үстел теннисінен халықаралық жарысқа қатысып жатыр

Қазақ спортшылары Испаниядағы үстел теннисінен халықаралық жарысқа қатысып жатыр

4 ақпанда Испанияның Гранада қаласында үстел теннисінен ITTF Challenge кезеңі аясында Spanish Open бәсекесі басталды.

Бұл турнирде Қазақстан құрамасы сапынан Кирилл Герасименко, Айдос Кенжеғұлов, Зәуреш Ақашева, Анастасия Лаврова, Гулчехра Хусейнова өнер көрсетеді.

Сайыстың бірінші күні Зәуреш Ақашева португалиялық Ракель Мартинсті, Айдос Кенжеғұлов ағылшын Люк Савилді ұтты.

Ал Гүлчехра Хусейнова бірінші ойында грекиялық Маламатения Пападимитриуды ұтса, екінші матчта белоруссиялық Кациарна Баравокқа есе жіберіп алды. Анастасия Лаврова бірінші кездесуде чехиялық Здена Бласковадан басым түссе, екінші матчта тайпейлік Куо Цзя-Юньнан ұтылып қалды.