
3 ақпанда Түркияның Стамбул қаласында таеквондодан VII Turkish open G1 бәсекесі өтті.
Рейтингілік сында қазақ таеквондошылары 3 күміс, 4 қола жүлдеге қол жеткізді.
Ерлер арасындағы бәсекеде Әлімжан Серікбаев (63 кг) пен Смайыл Дүйсебай (+87 кг) финалда қарсыласқа есе жіберіп алды. Ал Эльдар Бірімбай (68 кг), Абдусамат Лес (74 кг), Руслан Жапаров (+87 кг) үздік үштікті түйіндеді.
Қыздар додасында Жансель Денис (73 кг) екінші орыннан көрінсе, дәл осы салмақтағы Ақсәуле Ерқасымова (73 кг) үшінші орын алды.