Таеквондодан Қазақстан құрамасы Fujairah Open G2 бәсекесінде 5 жүлде алды

Таеквондодан Қазақстан құрамасы Fujairah Open G2 бәсекесінде 5 жүлде алды

2 ақпанда Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджайра қаласында таеквондодан VIII Fujairah Open G2 халықаралық турнирі өтті.

Бұл бәсекеде Қазақстан спортшылары 5 жүлде жеңіп алды.

Ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақта Елжан Елшібай қарсылас шақ келтірмей, топ жарса, Қазыбек Бақтиярұлы (63 кг) ақтық сында қарсыласына есе жіберді. Сонымен қатар, Алмат Қожахмет (68 кг) үздік үштікті түйіндеді.

Ал әйелдер бәсекесінде Айтолқын Орынбасар (73 кг) күміс, Амина Нұрғазықызы (62 кг) қола жүлдегер атанды.