
31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Канаданың Калгари қаласында фристайл-могулдан Әлем Кубогынының 4-кезеңі өтті. Бұл бәсекеде екі спортшымыз жүлдеге ие болды.
Әйелдер арасындағы бәсекеде Юлия Галышева күміс жүлдегер атанды. Француз Перрин Лафонт жеңіске жетсе, қола канадалық Жюстин Дюфур-Лапойнтке бұйырды. Еске сала кетсек, өткен жылы дәл осы Калгаридегі кезеңде Юлия Галышева алтын алған еді.
Ал ерлер сынында канадалық Микаэль Кингсбери тұғыр биігіне көтерілсе, швециялық Уолтер Уоллберг екінші, отандасымыз Дмитрий Рейхард үшінші орын алды.
Айта кетейік, 28 ақпан мен 1 сәуір аралығында Әлем Кубогінің кезеңі Алматыда "Шымбұлақта" өтеді.