Ақтоты Райымқұлова Қазақстан триатлон федерациясының Конгресіне қатысты

Ақтоты Райымқұлова Қазақстан триатлон федерациясының Конгресіне қатысты

Алдияр Қазтаев Қазақстан триатлон федерациясының президенті қызметіне кірісті.

Бүгін Назарбаев университетінде Қазақстан триатлон федерациясының президенті Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан триатлон федерациясының жылды қорытындылауға арналған үшінші конгресі өтті.

Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов, федерация вице-президент Айдын Рахымбаев, Ғалымжан Есенов, ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің атқарушы хатшысы Сәкен Мұсайбеков, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Eurasian Resources Group (ERG) Бақылаушы кеңесінің Төрағасы, Атқарушы директордың бірінші орынбасары Алдияр Қазтаев қатысты.

Конгресс барысында өкілеттілік мерзімі аяқталуына байланысты ашық дауыс беру арқылы жаңа президент пен бірінші вице-президент сайланды.

Бірауыздан дауыс беру қорытындысына сай Алдияр Қазтаев Қазақстан триатлон федерациясының президенті, Almaty Triathlon Federation жетекшісі Ғалымжан Есенов бірінші вице-президенті қызметіне сайланды. Ал Кәрім Мәсімов федерацияның құрметті президенті атанды.