Дзюдодан Қазақстан құрамасы Париждегі Grand Slam бәсекесіне қатысады

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Париждегі Grand Slam бәсекесіне қатысады

8-9 ақпан күндері Франция астанасы Парижде дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді. Бәсекеге әлемнің 122 елінен келген 788 спортшы қатысады.

Бұл додаға Қазақстан құрамасы атынан 16 дзюдошы аттанады. 

Ерлерден: Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев (60 кг), Елдос Жұмақанов пен Ерлан Серікжанов (66 кг), Жансай Смағұлов, Бекәділ Шаймерденов (73 кг), Дидар Хамза (81 кг), Ислам Бозбаев (90 кг), Ерасыл Қажыбаев мен Ғалымжан Қырықбай (+100 кг).  

Ал әйелдерден: Отгонцэцэг Галбадрах және Ақмарал Науатбек (48 кг), Анна Казюлина (52 кг), Севара Нышанбаева (57 кг), Назгүл Маратова, Камила Берліқаш (+78 кг).

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесіне сәйкес Grand Slam турнирінің жеңімпазына әлемдік рейтингте 1000,  екінші орынға - 700,  үшінші орын алған татами шеберіне 500 ұпай қосылады.