Ақтоты Райымқұлова: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне кірген

Ақтоты Райымқұлова: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне кірген

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова адамзаттың материалдық емес мәдени мұралары жайлы айта келе, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне байланысты атқаралатын жұмыстармен таныстырды. 

«Түркістан қаласы Қазақстанның тарихи және рухани орталығы. Бұл қалада  ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне кіретін нысандардың бірі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан. Елбасы тапсырмасымен 2018 жылдың 19 маусымында Түркістан қаласы облыс орталығы болып бекітілді. Қазір қала сан салада қарқынды дамып келеді. Тұрғындар мен туристерге қолайлы жағдай жасау үшін тарихи нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Өткен жылы 30 маусым мен 10 шілде аралығында Бакуде өткен ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра комитетінің 43-сессиясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне байланысты маңызды келісімдерге қол жеткізген едік. Бұл бағытта біз «Ескі Түркістан» археологиялық паркін жаңғыртумен айналысып жатырмыз. Сонымен қатар, ЮНЕСКО-ның кесене маңында 10 нысан құрылысын бастауға келісімін алдық»,-деді министр.