
2022 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясы аталған сыйлықты алу үшін алдын ала іріктеуден өткен және конкурстың келесі кезеңіне жіберілген шығармалар тізімін ұсынады:
1) Әжібекұлы Қазахбай - «Әл-фараби Әбу Насыр», «Алашорда» шығармалар топтамасы;
2) Жайлыбай Ғалым - «Ай таңбалы арғымақ» өлеңдер мен поэмалар;
3) Мыржықбай Кенжеғали Тұрсынбекұлы - «Жүрегім нені сезесің?» концерті;
4) Саукетаев Туруспек - «Желқайық» романы;
5) Сегізбай Кәдірбек - «Тағдыр толқыны» романы;
6) Смагулов Сембигали Абзалбекович - «Үш арыс» мүсіндік композициясы;
7) Тұрысбек Секен Кәрімұлы - «Тәтті мұң» ән-күй партитуралары, клавирлер, өлеңдер жинағы;
8) Жақыпбай Нұрқанат - «Жібек» мюзиклі;
9) Авторлар ұжымы: Матыжанов Кенжехан Слямжанович, Каскабасов Сеит Аскарович, Жұртбай Тұрсын Құдакелдіұлы, Мадибаева Канипаш Кайсановна, Шапай Тұрсынжан Мұқанұлы - Абай шығармаларының академиялық толық жинағы;
10) Авторлар ұжымы: Тургараев Бекет, Сергебаев Ескен Аманжолович, Бурганов Александр Николаевич, Бөкебай Саматбек Тәженұлы - Тарихи-этнографиялық «Мәңгілік ел» саябағы – кесене-ескерткіштер кешені.
Комиссия аталған шығармаларды талқылауға шығармашылық және мәдениет ұжымдарын, осы сала мамандарын шақырады.
Пікірлеріңізді осы жылдың 25 тамызға дейін мына мекен-жайға жолдауды сұраймыз: Нұр-Сұлтан қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі. Тел: 8 (7172) 740519.