
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне туристерден Fortune Travel ЖШС турагентіне қатысты шағымдар келіп түсуде.
Зардап шеккен туристер бұл компания өз қызметтерін ұсынуды және алдау арқылы басқа ықтимал туристерді тартуды жалғастыруда, деп хабарлайды. Сонымен қатар, Fortune Travel ЖШС директорының Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын тану туралы сот шешімі бар.
Алдағы уақытта алаяқтық әрекеттердің алдын алу және ескерту мақсатында туристік жолдамаларды тексерілген компаниялардан сатып алуды сұраймыз.