Елімізде Абай күні аталып өтеді

Елімізде Абай күні аталып өтеді

10 тамыз - ұлы ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және ақын Абай Құнанбайұлының туған күні. Қазақстандықтар  Абай күнін атап өтеді. Бұл күн ресми мерекелер күнтізбесіне 2020 жылы енгізілгенОсынау атаулы күні елімізде түрлі іс-шаралар: көрмелер, конференциялар, шығармашылық кештер және т. б. өткізіледі.

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхана мен Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхана ғимараттарының алдындағы алаңда сағат 11.00-де ғылыми-шығармашыл зиялы қауым өкілдерінің, қос астана тұрғындары мен қонақтарының қатысуымен Ұлы ақынның шығармаларына арналған поэзия кеші өтеді.

Сонымен қатар, республикалық музейлер (Орталық мемлекеттік музей, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі және Ұлттық музей) Абай күніне орай іс-шаралар өткізеді. Атап айтқанда, музей қорындағы жәдігерлер негізінде Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған дәрістер ұйымдастырылады.  Іс-шараларға Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының шығармашылыққа баулитын мектептер оқушылары, жастар қатысады. Сондай-ақ, дәрістер музейлердің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.

Айта кету керек, ұлы ақынның рухани әлеміне арналған түрлі іс-шаралар еліміздің өңірлерінде де жоспарланған.