Әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу ресми түрде басталды

Әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу ресми түрде басталды

Алматыда ұлы ғалым, философ, ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу ресми түрде басталды.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер сарайында өткен шарада Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу ресми түрде басталғанын айтты.

Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова да қатысты.

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы Қазақ ұлттық университетінде  «Әбу Насыр әл-Фараби атындағы орталық» салтанатты түрде  ашылды.