Серік Жарасбаев Қырғыз Республикасының Қазақстандағы елшісімен кездесті

Серік Жарасбаев Қырғыз Республикасының Қазақстандағы елшісімен кездесті

Бүгін Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы Серік Жарасбаев Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесті.

«Биыл Қазақстан мен Қырғызстан арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады. Бізді ортақ тарихи тамырымыз, тіліміз бен мәдениетіміз, тату көршілестігіміз байланыстырады. Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасы Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі, оның ішінде мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері де бар», - деді Серік Жарасбаев.


Тараптар Қырғыз Республикасының Қазақстандағы мәдениет күндерін өткізу мәселелеріне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, бірқатар іс-шаралар, концерттер, көрмелер, екі ел ақсақалдарының форумы және т.б. жоспарланған, сондай-ақ қос тарап Нұр-Сұлтанда Манас пен Шыңғыс Айтматовқа ескерткіш орнату туралы уағдаластықтың ерекше мәнге ие екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, кездесу барысында туризмді, оның ішінде, екі ел арасындағы жаяу туристік маршруттарды дамытудың тиімділігі мен өзектілігі айтылды.

Дастан Дүйшекеев өз кезегінде екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың маңызына тоқталды, сондай-ақ мәдениет, спорт және туризм саласында бірлескен жобаларды өткізуге жәрдемдесуге дайын екендіктерін білдірді.