Tourism Expo Japan 2022 көрмесіне қатысушыларды тіркеу басталды

Tourism Expo Japan 2022 көрмесіне  қатысушыларды  тіркеу басталды

Орталық Азияның бірыңғай туристік брендін ілгерілету мақсатында 2022 жылғы 22-25 қыркүйекте Жапонияның Токио қаласында өтетін «Tourism Expo Japan 2022» халықаралық туристік көрмесіне Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) қолдауымен Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстанның қатысуы жоспарланған.

Орталық Азияның бірыңғай стендінің жалпы көрме алаңы Орталық Азияның бес елі арасында бөлінген 126 ш.м. құрайды (әрбір ел жалпы алаңы 25,2 ш.м. алады).

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Tourism Expo Japan 2022 көрмесіне қатысуға турбизнес өкілдері үшін тіркеу басталғанын хабарлайды.

Мүдделі тұлғалардан мына сілтеме бойынша өтінімді толтыруды сұраймыз.