
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев халықаралық туризм және меймандостық университетінің ұжымына жаңа басқарма төрағасы – ректорды таныстырды. Айдос Сәкенов «Болашақ» бағдарламасының түлегі, туризм және кәсіпкерлік саласындағы білікті басшы.
Айдос Мерекеұлы еңбек жолын 2008 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің пайдалану басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы болып бастаған.
Әр жылдары Алматы қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы, Павлодар облысы әкімдігінің кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының орынбасары, ҚР МСМ туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары, ҚР МСМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметін атқарған.
Айдос Сәкенов 1987 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Л. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Лидс (Ұлыбритания) университетін (University of Leeds) тәмамдаған.
А. Сәкенов жаңа лауазымда туризм және меймандостық саласында жоғары білікті мамандарды даярлау, университеттің білім беру бағдарламалары мен ғылыми әлеуетін дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін болады.