Ақтоты Райымқұлова әл-Фараби кітапхана-орталығының ашылуына қатысты

Ақтоты Райымқұлова әл-Фараби кітапхана-орталығының ашылуына қатысты

Алматыдағы Қазақ ұлттық университетінде  «Әбу Насыр әл-Фараби атындағы орталық» салтанатты түрде  ашылды. Жиынға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚР Білім министрі Асхат Аймағамбетов, БҰҰ және ЮНЕСКО, ИЫҰ, Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері,  отандық және шетелдік БАҚ өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты. Қонақтар ұлы ойшылға арналған мұражай экспозицияларымен танысты.

Бүгін әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын бастаудың ресми рәсімі мен өнер ұжымдарының қатысуымен концерт өтеді.

Келесі аптада «Әбу Насыр Әл-Фараби ізімен» халықаралық экспедицияның басталады. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран, Ирак, Ливан, Сирия ғалымдары қатысады.

Айта кетейік,  былтыр Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспар бекітілген болатын.