
Михаил Кукушкин мен Александр Бублик жұбы Аустралия ашық чемпионатының (Australian Open-2020) жартылай финалына шықты.
Қазақ теннисшілері ширек финалда аустралиялық Джеймс Дакворт және Марк Полманс дуэтімен күш сынасқан еді. Бір сағат 44 минутқа созылған матч 7:6 (8:6), 7:5 есебімен Михаил Кукушкин мен Александр Бубликтің жеңісімен аяқталды.
Енді отандастарымыз финалдық жолдама үшін Раджив Рам (АҚШ) және Джо Салсбери (Ұлыбритания) жұбымен кім мықтыны анықтайды.