
Канаданың Монреаль қаласындағы «Montreal Casino аренада» Батыр Жүкембаев «Рики» лақап атты мексикалық Рикардо Лараға қарсы (22-7, 10KO)айқасып жеңіске жетті.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев екінші раундта оппонентін екі рет ауыр нокдаунға түсірді. Төрешілер жеңісті Батырға берді.
Айта кетейік, бұл Батыр Жүкембаевтың кәсіпқой бокстағы 18-інші кездесуі және 18-інші жеңісі.