
Францияның Фан-Роме өңірінде фристайл-могулдан Еуропа Кубогының екінші кезеңінде Анастасия Городко жеңімпаз атанды.
Екінші орынды швециялық Май Бьеркман, үштікті франциялық Камил Каброл түйіндеді.
Ал жарыс жолына шыққан тағы бір қазақ спортшысы Олеся Граур 7-орын алды.
Естеріңізге сала кетейік, Анастасия Городко Еуропа кубогының бірінші кезеңінде 3 алтын медаль алған еді.