Юлия Галышева - Әлем Кубогының күміс жүлдегері

Юлия Галышева - Әлем Кубогының күміс жүлдегері

Канаданың Мон-Трамблан өңірінде өтіп жатқан фристайл-могулдан Әлем Кубогының 19-кезеңінде Юлия Галышева (80.99 ұпай) күміс жүлде алды.

Бұл кезеңде франциялық Перрин Лаффон (82,14) жеңіске жетсе, ресейлік Анастасия Смирнова (80,18 ұпай) қола жүлдеге ие болды.

Ал ерлер арасында канадалық Микаэл Кингсбери бірінші, жапониялық Икума Хирошима екінші, франциялық Бенжамин Каве үшінші сатыға жайғасты.

Қазақстан құрамасы сапынан сынға түскен Павел Колмаков 11-ші, Дмитрий Рейхерд 24-орында.