
29 қаңтарда Омбының Еңбек және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен Ресейдегі Қазақстан кинофестивалі аясында «Вавилон» кино орталығында режиссёр Мұхамед Мамырбеков пен Әзизжан Зайыровтың «Қыз бен теңіз» фильмінің көрсетілімі өтеді.
Бұл туынды айықпас дертке шалдыққанына қарамастан отбасын құрып, ана атанғысы келетін Әсел есімді қыз туралы баяндайды. Сонымен қатар, қандай қиындыққа душар болса да бас кейіпкер арманынан бас тартпайды, оған деген сенімін жоғалтпайды.
Рөлдерде: Динара Шарипова, Тахир Умаров, Қанағат Тасқараев, Гүлбахрам Байбосынова, Сауран Қастеев, Алмат Әділбаев.
Айта кетейік, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Қыз бен теңіз» фильмі осы кезге дейін бірнеше марапатқа ие болған: